«Тіл - достықтың алтын көпірі». Дәл осындай атауды арқау еткен байқау елордадағы Достық үйінде өтті. Шараға бас қаланың 8 этномәдени ұжымының өкілдері қатысып, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін көпшілік алдында дәлелдеді.
Байқау Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтті. Байқау мақсаты – мемлекеттік тілді үйренуге үгіттеу, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастарды қазақ мәдениеті мен шығармашылығына ынталандыру, патриотизмді тәрбиелеу.
Ғабит Бөкенбай