Лондонда халықаралық World Travel Market туристік көрмесі жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда халықаралық World Travel Market туристік көрмесі жұмысын бастады

05.11.2019

Лондонда халықаралық World Travel Market туристік көрмесі жұмысын бастады. Сонау 1980 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан көрмеде Алматы қаласының туристік мүмкіндіктері таныстырылуда. Әріптесіміз Индира Бектенова қазір бізбен байланыста.

Туристік индустрияның алдағы 5 жыл даму жоспарын айқындап, соңғы инновациялық жаңалықтармен бөлісу және туристік компаниялардың бір-бірімен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік жасау – бұл World Travel Market көрмесінің басты мақсат. Сондай ақ үш күндік көрме туристік индустрияда ұсыныс пен сұранысты ұштастыратын нетворкинг алаңы болып табылады. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша көрме аясында жылда 300 000 жуық жаңа бизнес байланыстары орнатылады екен. Туристік индустрияның 38-ден астам секторын қамтып отырған көрмеге Алматы қаласының туризм басқармасы осымен екінші рет қатысып отыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрме қатысушылары мен қонақтары Алатау бөктерінде орналасқан әсем қала жайлы толық ақпаратты осы жерден таба алады. Биыл қандай туристік өнімдер сұранысқа ие екенін Ақмарал Ещановадан білейік

Ақмарал Ещанова, Алматы қаласы туризм басқармасының туризмді ілгерлету бөлімінің бас маманы:

Былтыр дәл осы World Travel Market көрмесі аясында миллиондаған кездесулер ұйымдастырылып, олардың нәтижесінде жасалған келісім-шарттардың жалпы құны шашамен 3 миллиард фунтты құрады. Жылдан жылға туризм нарығы дамып келе жатқанын ескеретін болсақ биылда бұл көрсеткіш жоғары болмақ.

Индира БЕКТЕНОВА


Хабарламаларға жазылу