Гонконгтағы шеру кезінде журналистер зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгтағы шеру кезінде журналистер зардап шекті

05.11.2019

Гонконгта наразылық акциясы барысындағы қақтығыстарда журналистер де зардап шекті. Олардың ішінде шетелдік БАҚ өкілдері де бар. Полиция оларға бұрыш шашып, таяқпен ұрған. Соның салдарынан, ақпарат мамандарына жедел медициналық көмек қажет болды.

Соңғы уақыттарда Гонконгтағы жаппай тәртіпсіздіктер тіптен өршіп барады. Оны тыю үшін полиция да озбырлық танытып, күш қолдануға көшті. Демалыстағы шеруде қауіпсіздік күштері демонстранттарға қарсы көз жасаурататын газ, резеңке оқтар мен су атқыштарды қолданған. Бұған манифестанттар шаубылмен жауап қайтарып, 12 тәртіп сақшысы жараланды. Сонымен қатар, 14-тен 54 жасқа дейінгі 300-ден астам адам тұтқындалған.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу