ШҚО-дағы шекаралық ауылдарға кеңжолақты интернет тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы шекаралық ауылдарға кеңжолақты интернет тартылады

05.11.2019

Шығыс Қазақстандағы 35 ауыл жыл соңына дейін кеңжолақты интернетпен қамтылады. Қазір Аягөз, Катон-Қарағай, Глубокий мен Үржар ауданындағы елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жүргізіліп жатыр. Оның ішінде ең көп ауылдар Үржар ауданына қарасты. Ауданда ең бастысы шекаралық ауылдарға интернет жеткізуге мән берілуде. 

Кейбір елді мекендерге талшықты-оптикалық желіні тарту аяқталып қалды. Еліміздегі цифрландыру саясаты шеңберінде шалғай ауылдарда жоғары жылдамдықты интернеттің жетуі, халықтың біраз мәселесін шешіп, ауылдардағы түрлі әлеуметтік нысандардың да жұмысын жеңілдетпек.

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

Шекаралас аудан болғаннан кейін, қазір мынау цифрландыру бағдарламасы жүре бастағаннан кейін ауылдарға тартылуда. Жалпы, 55 елді мекен бар, соның 15 ауылына бүгін интернет тартып жатыр. Бұрын болмаған бұл кеңжолақты. Жоғарғы жылдамдықта.  

Ержан Жақып 


Хабарламаларға жазылу