Қазақстан мен Ресей арасында бірлескен 170 құжатқа қол қойылды. Ол барлық саладағы әріптестікті қамтиды. Өткен жылғы сауда айналымы 18 миллиард долларға жуықтады,6.5 мың бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Енді тек шешілмеген шекарадағы мәселелер бар, өйткені қазіргі таңда Қазақстан азаматтары Ресей аумағында 90 тәулік бола алады. Визасыз жүру мерзімі аяқталған соң 3 айға елден кетуі тиіс. Ал Қазақстанға қатынайтын ресейліктерде мұндай шектеу жоқ. Жалпы, Ресей тарапы сауда-саттық саласында ынтымақтатсықты арттыруға ниеттті.
Максим Орешкин, Ресей Федерациясы экономикалық даму министрі:
Өткен жыл әлемдік экономика үшін оңай болған жоқ, даму қарқыны төмен. Бұл барлық елдің қарым-қатынасына әсер ететіні белгілі. Бірақ біз ынтымақтастықты бекіте түсеміз деп жоспарлап отырмыз. Әсіресе бірлескен кәсіпорындардың санын биыл арттыру қажет, инвестиция жағында да біраз жұмыстар бар.