Полиция қызметкері болу тек қана мамандық емес. Бұл еңбек демалысында жүріп, ұрыларды қолға түсірген аға сержант Дархан Тұрсыновтың пікірі. «Жылдам шешім қабылдап әрекет ету, жағдайға нақты баға беру кез келген полиция қызметкерінің бойында болуы тиіс қасиет», - дейді ол. Сақшы Нұр-Сұлтан қаласында көлік тонағандарды ізін сутыпай құрықтаған.
Нұр-Сұлтан қаласы. Көпқабатты үйлердің ауласы. Кешкілік уақыт. Дархан Тұрсынов көмек сұраған дауысты естиді. Сөйтсе автокөлікке ұры түскен. Аға сержант ойланбастан баукеспелердің ізіне түсіп, біреуін қолға түсіреді. Кейін оны әріптестеріне тапсырады.
Дархан тәжірибелі маман. Қазір ол жол патрульдік полициясының қызметкері. Әріптестері арасында ерекше құрметке ие.
Руслан Қасқұлақов, Жол патрульдік полиция қызметінің сержанты:
Дархан әріптесімді көптен білемін. 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. 10 жылдан асып кетті. Екеуіміз істеп жатқанымызға 4 жыл болды. Жұмысын жақсы біледі. Жұмысын сүйеді деп айтуға болады. Тәжірибелі, ақыл кеңестерін беріп тұрады. Үлгілі азамат.
Дархан Тұрсынов республикалық маңыздағы жолдағы тәртіпке жауапты. Жылдамдықты межеден асырып, өзгелерге қауіп төндірген талай есерді тәубесіне түсірген.
Дархан Тұрсынов, Жол патрульдік полиция қызметінің аға сержанты:
Полиция қызметкері болу бұл тек мамандық емес, өмірлік ұстаным деп білемін. Қызметте болсақ та, жұмыстан тыс уақытта да заңның сақталуына, қоғамдық қауіпсіздікке көңіл бөлеміз. Мен демалыста жүрсем де, егер заңбұзушылықты көрсем, айыптыны ұстауға әрекет етемін немесе алдын алуға тырысамын. Адамдарға көмектесу де біздің міндет.
Бүгінде Ақмола облысында 2 жырым мыңнан астам полиция қызметкері бар. Олардың қатарында Дархан сияқты жұмысына жауапты, сертіне берік полицейлер аз емес. Соңғы жылдары ерекше көзге түскен 10-нан астам тәртіп сақшысы мемлекеттік наградаға лайық деп танылған.
Ермек ЕЛБЕРГЕН