Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебіне 20 жыл. Осы мерейлі датаға орай бүгін ерлер лицейінің тәрбиеленушілері салтанатты шеру өткізіп, армия генералының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық мектепті осыдан тура 20 жыл бұрын, 1999 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан еді. Бүгінде мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен сайдың тасындай іріктелген 500-ге жуық ұл әскери тәртіпте білім алып жатыр.
Ал осы уақытқа дейін білім ошағын тәмамдаған 1500-ден астам түлек Қазақстан қарулы күштерінде қызмет етуде. Олардың алды подполковник, майор, арты әскери оқу орындарында білімін жалғастырып жатқан курсанттар.
Тілеухан Басқожаев, С.Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінің бастығы:
Мектептің күнделікті тұрмыс-тіршілігі әскери тәртіпке бағынады. Бітірген кезде түлектердің 80 пайызы әскери оқу орындарына жеңілдетілген іріктеумен оқуға түседі.
Досжан Маратұлы