Тәртіп сақшысы боламын деген жастар қайда барып құжат тапсыруы керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәртіп сақшысы боламын деген жастар қайда барып құжат тапсыруы керек?

02.11.2019

 Дәл осындай батырлармен мақтану керек, осындай ержүректерді мақтау керек. Ал халықтың қамын емес, нанын жеуге ұмтылған полицейлер батыр әріптестерінің атын былғаудан өлердей қорқуы қажет. Өйткені сын садағы адамды алалап жатпайды. Тұтас құрылымның қабырғасын қақыратып салады. Сондықтан ішкі істер министрлігіне реформала керек. Бұл бүгінгінің талабы. Реформаны жүзеге асыру үшін 173 миллиард теңге бөлінеді. Бұл ақша полицияның елді естуі үшін, бұқараның базынасын біліп, қылмыстың алдын алатын үздік шешімдерге жұмсалмақ. 

Ағайын полицияны жазалаушы емес, қорғаушы деп сезіну керек. Бұл қағиданы алдымен тәртіп сақшысы боламын деген жастарға сіңіру шарт. Ақпарат мынадай: 2018 жылы ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға түсуге 1500-ден астам адам ниет білдірген. Бұл аз көрсеткіш емес. Осы тұста берген білімнің сапасы артсын деген мақсатта еліміздегі полицей дайындайтын 12 оқу орнының саны қысқарып, қазір бесеуі қалды. Ол жақтағы ахуал қалай? Тәртіп сақшысы боламын деген ұл-қыз қандай тәртіпті білуі шарт? 

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу