Премьер-Министр Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті

01.11.2019

Үкімет басшысы Асқар Мамин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Ташкентте жұмыс сапарымен жүрген премьер-министр кездесу барысында қазақ-өзбек арасындағы сауда-саттықтың 25 пайызға өскенін атап өтті.

Әрі тараптар инвестиция, энергетика, көлік-транзиттік, құрылыс және автомобиль құрастыру салаларында байланысты жандандыру жолдарын талқылады. Айта кетерлігі, екі ел арасындағы алыс-беріс тоғыз айдың өзінде 2,5 мииллиард долларға жеткен. Алдағы жылдары оны 5 миллиардқа дейін өсіру жоспарда. Жалпы Үкімет басшысының жұмыс кестесі өте тығыз. Өзбекстан президентінен кейін Ауғанстан премьері Абдулла Абдулламен де жолығып, саяси, экономикалық байланысты арттыру жайын сөз етті. Ал ертең Асқар Мамин Ташкентте өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу