Қазақстанда әлеуметтік төлем мөлшері 30 пайызға артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда әлеуметтік төлем мөлшері 30 пайызға артады

01.11.2019

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлемдер 30 пайызға артады. Бұл туралы бүгін елордада өткен республикалық семинар барысында мәлімденді. Төлемақының бұл түрі еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылған азаматтарға тиесілі. 

Төлемдерді тағайындау кезіндегі параметрлер қайта қаралып, заң жобасы қазір Парламент Мәжілісіне жолданды. Егер мақұлданса онда төлемақының көлемі орта есеппен 30 пайызға дейін артады. Бұдан бөлек «Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» атты семинарда Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген сарапшы мамандар әлеуметтік сақтандыруды дамытудың перспиктиваларын талқылады.

Гүлбағила Болатбекова, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ департамент директоры: 

54 мың, 58 мың мемлекеттік бюджеттен төленеді. Ол азамат жұмыс істесін, жұмыс істемесін. Ал егер жұмыс істеп, біздің әлеуметтік сақтандыру қорына қатысқан азамат болса, жаңа мемлекеттік бюджеттен 58 мың алады ғой, тағы да біздің ӘСҚ-на тағы да үстіне қосып әлеуметтік төлем алады. Оның мөлшері 40 мың болуы мүмкін, 50 мың, 60 мың болуы мүмкін. Айлығына байланысты.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу