Ұмыт болған ұлттық дәстүр қайта жаңғырды. Қостанайға белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова төркіндеп барды.
Камал Әлпейісова Қостанай облысының Аманкелді ауданында дүниеге келген. Танымал аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты. Сонымен қатар көптеген өлеңдер мен әңгімелердің авторы. Елімізде ілеспе аударманы меңгерген алғашқы білікті маманның бірі. 20 жылдан астам Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінде қызмет атқарды.
Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында өткен кеште Қостанай жұрты ата салтымен жерлестеріне құрмет көрсетті. Жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады. Сахнада кеш иесінің шығармалары орындалып, көпшіліктің ерекше ілтипатына ие болды.
Камал Әлпейісова, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты:
Төркіндеу – қазақ халқының қыз балаға құрмет көрсетуі. Ал оны қайын жұртының төркіндетіп алып келуі, келіннің ұрпағын өрбіткен, абыройлы анаға айналған деңгейін көрсетеді.
Дәуренбек Әбдібек