Құрманғазы оркестрінің құрылғанына 85 жыл. Осыған орай елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында салтанатты шара өтті.
Оркестр халқымыздың музыкалық мұрасы – ұлы дала әуендерін ұлттық аспаптар арқылы көрермендерге ұсынып, өнерсүйер қауымның құлақ құрышын қандырды.
Сондай-ақ елімізге еңбегі сіңген Нұржамал Үсенбаева, Сүндет Байғожин, Айгүл Қосанова сынды өнер майталмандары әннен шашу шашты. Құрманғазы оркестрі – Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихында бірегей әрі тұңғыш оркестр. Оның тарихы 1934 жылы Ахмет Жұбановтың оркестрдің дирижері мен көркем жетекшісі болып тағайындалған кезден бастау алады. Бүгінде бұл ұжым ұлттық музыкалық өнердің ұйытқысына айналып отыр.
Қуанышбек Мұханғалиев, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестірінің директоры:
11 адамдық ансамбльмен құрылған оркестріміз бүгінде 85 адамға жетті. Композиторлардың, күйшілердің үздік шығармаларын бүгін біз тыңдармандарға паш етеміз.
Шерхан Жамбылұлы