Тіл мамандары салалық терминдерді аударудың әдіс-тәсілдерін талқылады.
Ахмет Байтұрсынұлының терминжасамға қатысты құнды еңбектерінен бастау алатын қазақ терминологиясының ғылыми-практикалық мәселелері үздіксіз зерттеліп келеді. Себебі ол қоғамның рухани, мәдени, саяси өмірінде туындап жатқан өзгерістерге орай дамып, байып отырады. Өзгерістерге сәйкес арнаулы саладағы терминдер терминологиялық өріспен шектелмей, жалпы қолданысқа енуі мүмкін. Сондықтан қазір терминдердің жасалу жолдарын айқындап, талдау, даму бағытын бағдарлау, ерекшелігін айқындау өзекті мәселе.
«Қазақ ғылыми тілін және ғылыми терминологиясын дамыту үшін салалық терминдердің ұлттық үлгісін жетілдіріп, жүйелеу қажет», - дейді мамандар.
Сая Итеғұлова, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басқарма басшысы:
Бірнеше ел қатар қолданып жүрген терминдер бар. Сол терминдерді қазақ тіліне аударып жатқан жоқпыз. Сөздерді сындырып қабылдау негізі тілдің тәжірибесінде бар. Мысалы, самовар-самаурын, бревно-бөрене, кровать-кереует. Соларды кезінде қабылдаған кезде біздің тіліміздің ерекшелігіне сәйкестендіріп қабылдаған.
Ақерке Берікбекқызы