Түркістан облысында балабақша бизнесімен айналысатындар базынасын айтты. Олар жан басына қарай қаржыландыру сомасына разы емес. Айтуларынша, Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылдың 5 ақпанында шыққан бұйрығы бар. Соған сай бірыңғай әдістеме бекітілген. Аталған әдістеме бойынша биыл әр балаға 27 237 теңге алу керек. Ал түркістандық кәсіпкерлер әлі күнге дейін 20 988 теңге алып отыр.
«Бұл - балабақша иелерінің, қызметкерлердің ғана емес, ондағы бүлдіршіндердің құқын таптаумен тең»,- дейді олар. Себебі қаржыландырудың аздығынан жұмысшылардың жалақысы мардымсыз. Бүгінде облыста 16 мыңнан астам бүлдіршін балабақшамен қамтылмаған.
Нұрсұлтан Келдібеков, облыстық Кәсіпкерлер палатасы Адами даму бөлімінің басшысы:
Оның жергілікті бюджеттің төмен болуына байланысты ма, қазіргі таңда талқылануда. Облыстық әкімдікке, прокуратура, құқық қорғау органдарына хат жолдануда.