Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісін табыстады. Мемлекет басшысы, көрнекті қаламгер ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне елеулі үлес қосқанын атап өтті. Осы еңбегі үшін қазақ әдебиетінің абызы 95 жылдық мерейтойына орай, еліміздегі жоғары наградамен марапатталды. Кездесуде «Сіз сияқты әдебиеттің алыптары халыққа керек»,-деді Президент. Өз кезегінде Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына алғысын айтып, әсерлі сәттерді еске алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіз халқымызға керексіз. Аман болыңыз! Сіздің қосқан үлесіңіз ұлттық әдебиеті болсын, әлем әдебиеті, шын мәнінде өлшеусіз. Сондықтан Сізді ең жоғарғаы атағымен марапаттап отырмыз. Аман болыңыз әрқашан!
Әбдіжәміл Нұрпейісов, халық жазушысы:
Рахмет айналайын! Мен есіме жиі алатын нәрсе, өзіңмен қашан, қайда кездесіп едім алғаш рет, соны ойлап таптым. Ұмытпаған екенмін. Егемендік алған еліміздің алғашқы жылы. Баспахана өзімнің екінші үйім сияқты. Күтіп алады, шығарып салады. Қаланың ішінде жүріс көп. 28 шақырым жерде «городок писателей» сонда көлікті байлап қойып, Алматыға қайтатын болдым. Көлік берді. Енді жүрейін деп тұрғанда елші қоңырау шалды «Сыртқы істер вице-министрі кетіп барады» деп...
Біз бір көлікте болдық аэропортқа барғанда. Иә. Сонымен есімде екеуміз бірге бардық...
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ