Үш ел АҚШ президентін Сирия мұнайы үшін айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш ел АҚШ президентін Сирия мұнайы үшін айыптады

30.10.2019

Иран мен Ресей АҚШ президенті Дональд Трамптың Сирияның мұнай кеніштеріне Америка әскерін қою жоспарын айыптады. Екі елдің сыртқы істер министрлері бұндай мәлімдемені Женевада жасады. Сергей Лавровтың сөзінше, араб республикасының табиғи ресурстарын рұқсатсыз пайдалану заңға қайшы. 

Сенбі күні Трамп Американың «Эксон Мобил» тәрізді мұнай компаниялары Сирияда жұмыс істесе деген ұсыныс айтты. Ал, Пентагон ол кеніштерді «Даиштан» қорғау қажеттігін алға тартып отыр. Түркияның мәлімдеуінше, Сирияның жерасты байлығы өз халқына тиесілі болуы керек.

Сонымен қатар, Астана процесі бойынша кепіл мемлекеттер ретінде Ресей, Иран, Түркия Сирияда бүгін іске кірісетін Конституциялық кеңеске қошемет білдірді. Бұл органға үкімет пен оппозициядан енетін 150 адам елде бейбітшілік орнату үшін конституцияны қайта жазуы тиіс.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу