Иракта үкіметке қарсы шерулер жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта үкіметке қарсы шерулер жалғасып жатыр

30.10.2019

Ирак премьер-министрі Әділ Әбдул Махдиді екі қолдаушысы биліктен құлатуға келісті. Олар – парламенттегі шииттердің ірі фракцияларын басқаратын Мұқтада ас-Садр мен Хади әл-Әмри.

Бұл мемлекетте үкіметке қарсы шерулер қазанның 1-інде басталып, содан бері қауіпсіздік күштері атқан оқтан кемінде 250 адам қаза тапты, жүздегені жараланды.

Иракта экономикалық қиындықтар мен коррупцияға қарсы демонстрациялар бес күн бұрын қайта жанданып, қантөгіске ұласып жатыр. Айта кетсек, дәл осындай шерулер нәтижесінде Ливан үкіметі таратылып, премьер-министрі отставкаға кететінін жариялады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу