Елордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелеріне арналған форум өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелеріне арналған форум өтіп жатыр

30.10.2019

Елордада алғашқы инвестициялық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форумы басталды. Ауқымды шараға еліміздің ғана емес, алыс-жақын шетелдердің кәсіпкерлері де қатысып жатыр.

Талқыланып жатқан мәселе көп. Бастысы – мемлекет пен бизнес арасындағы әкімшілік кедергілерді жойып, шетелдің қалталы инвесторларын Қазақстанға қаржы құюға шақыру. Сондықтан осы бағытта бірнеше маңызды меморандумға қол қойылды. Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан арасындағы маңызды құжат бизнесмендерге бір-бірінің елінде кәсіппен айналысуға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, қазір елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1200-ден астам жоба іске асып жатыр. Басым бөлігі білім, медицина, көлік және инфрақұрылым саласына тиесілі. 

Талғат Матаев, Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының басқарма төрағасы:

Көптеген шетел мемлекеттері қазір Қазақстанға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жобаларға қатысуға қызығушылық танытуда. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу