Австралияда климатқа арналған шеруде 12 адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда климатқа арналған шеруде 12 адам тұтқындалды

30.10.2019

Австралияның Мельбурн қаласында климаттық шерудің үшінші күнінде кемінде 12 адам тұтқындалды. Он шақтысы жараланған. Олардың ішінде тәртіп сақшылары да бар. 

Демонстранттар наразылықтарын тау-кен өндірісіне арналған Халықаралық конференция барысында білдіріп жатыр. Үш күнге жоспарланған шараның алғашқы күнінде олар полициямен қақтығысып, 40-тан астам адам тұтқындалған еді. Шерушілер жолдар мен көрме ғимаратын бөгеп, аталған саланың экологиялық зиянына көңіл бөлуді талап етуде.

Наразы жұртты тарату үшін тәртіп сақшылары бұрыш шашқан. Климат жанашырлары полицияның бұл әрекетін қатаң сынға алды.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу