ҚХА әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына көмектеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына көмектеседі

30.10.2019

Бүгін елордада талантты жастардың басын қосқан форум өтті. Жиын барысында қатысушылар түрлі бағыттағы идеяларын ұсынды. Басым көпшілігі мүмкіндігі шектеулі адамдардың күнделікті тіршілігін жақсартуға арналған.

Іс-шараға жаңа стартаптарды қолдауға ынталы кәсіпкерлер де қатысты. Ал форум аяқталғаннан кейін Ассамблея үздік жобаларды тиісті министрліктерге ұсыныс ретінде жібермек. 

Әлен Бейнебайұлы, паралимпиадалық ат спортының жаттықтырушысы:

Қазір 32 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оның сегізі спортшы, паралимпиадалық. Келесі жылы 50-ге жуық баланы бекітіп қойдық.

Аян Бірімжан, кәсіпкер:

Әртүрлі жобаларды қарап, біз тағы да IT саласында немесе тамақтану саласында 15 миллион теңгеге дейін ақша бөле аламыз, яғни инвестор ретінде.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу