Семейде «Ашық әкімдік» жобасы іске асуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Ашық әкімдік» жобасы іске асуда

30.10.2019

Семейде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «Ашық әкімдік» жобасы іске асты. Оның аясында қалада тұрғындарға түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсететін фронт-офис ашылды. «Бір терезе» қағитады негізінде жұмыс істейтін офис тұрғындарды әкімшіліктің табалдырығын тоздырып, уақытты бос шығындаудан арылтады. Барлық қажет көмек енді осы жерден жүзеге асады. 

Фронт-офисте қалалықтардан өтініштер қабалданып, түрлі саладағы мемлекеттік қызметтер бір жерден көрсетеді. Халық бұрынғыдай жауапты бөлім басшылары немесе мамандардың есігін қағып жүрмейді. «Бұл әдіс сыбайлас жемқорлық фактілерінің азаюына сеп болады»-дейді мамандар. 

Жігер Байдилдин, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

Кез келген тұрғын осы «Ашық әкімдікке» келіп, өзінде болған проблемаларды көрсетеді. Сол бойынша осы мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес онлайн режимде оған тез арада көмек көрсетіледі. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу