Үндістанда 2 жастағы бала құдыққа құлап, мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда 2 жастағы бала құдыққа құлап, мерт болды

29.10.2019

Үндістанда құдыққа түсіп кеткен 2-жасар баланың оқиғасы трагедиямен аяқталды. 4 күнге созылған құтқару операциясы оны аман алып қалуға көмектеспеді. 

Оқиға елдің оңтүстігіндегі Тамил Наду штатында болды. Кішкентай Суджит Уилсон балалармен көшеде ойнап жүріп, қараусыз қалып, құдыққа түсіп кетеді. Ол алдымен 10 метрлік тереңдікке, содан кейін тағы 30 метрге құлаған. Бүлдіршінді мұндай құрдымнан шығару үшін ауқымды операция жүргізілген еді. Дегемен,қатты топырақ пен жауын-шашын біршама кедергі келтіріп, жұмысты баяулатты. 

Баланың денесі қатты бүлінгендіктен, жабық табытта жерленген. Онымен қоштасу үшін бүкіл ауыл тұрғындары жиналды.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу