Алматы облысынан Прездиенттің жастар кадр резервіне 150-ден астам азамат өтініш білдірген болатын. Алайда олардың тек алтауы ғана алғашқы кезеңнен сүрінбей өтіп, келесі сынақтарға дайындалуға кірісті. Білімді де білікті, озық ойлы, мақсаты биік алты азаматтың төртеуі мемлекеттік қызметкер болса, бір кәсіпкер, бір мұғалім оза шауып отыр. Дарынды жастар Талдықорғанда мемлекеттік қызмет істер агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінде болып, басшылармен кездесті. Кадр резервіне өту кезеңдерін әңгімелеп, алған әсерлерімен бөлісті. Бұл - жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік. «Ал ол жердегі талап өте жоғары», - дейді Бақтияр Көшкінов.
Ләззат Бейсеқұлова, ҚР Мемлекеттік қызмет істергі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:
Жаңаша ойлайтын, көшбасшылық қабілеті бар жастар біздің елімізді ары қарай өркендетіп, дамуына себепкер болатынына сенеміз.
Қуаныш Қанатұлы