Ішкі істер саласында маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер саласында маман тапшы

29.10.2019

«Мен полицей боламын». Нұр-Сұлтанда осындай атаумен ауқымды форум басталды. 

Мақсат – ішкі істер саласындағы кадр тапшылығын жою. Сондықтан жиынға елордадағы жоғары оқу орындарының студенттері шақыртылған. Шара барысында оларға полицейлердің жауапты қызметі жайлы айтылды. Әрі тәртіп сақшыларының жалақысы артып, тұрғын үй мәселесі шешіліп жатқаны сөз болды. 

Мәліметтерге қарасақ, дәл қазір ішкі істер саласында 10 мыңға жуық маман тапшы. Тергеуші, криминалистерден бастап, қарапайым IT инженерге дейін қажет. Сондықтан Ішкі істер министрлігі дипломы бар жастарды 3-4 айлық курстардан өткізіп, қатарына қосуды жоспарлап отыр. 

Айдар Сайтбеков, ҚР ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы: 

Полицияда қазір цифрлық жүйе енгізіліп жатыр. Сондықтан әртүрлі мамандықтар бізге керек. Осы жердегі университеттердің 4-курс бітірушілерін әдейі шақырып жатырмыз. 

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу