Ресейдегі Түмен облысында қазақ сыныбы ашылды. Қазір 25 бала ана тілінде білім алып жүр. Бірақ бір әттеген-айы әдістемеік құралдың жоқтығы. Мұғалімдер 1989 жылы жарық көрген оқулықтың көшірмесімен сабақ беруге мәжбүр.
Бұл Түмен облысындағы қаракөздерге арнап ашылған алғашқы қазақ сыныбы. Қазір Аудан орталығы Упоров ауылы мен жақын маңдағы елді-мекендерден 25 бала қатынап оқып жүр.
Айғанша Ыбыраева, Аудандық Қазақ Ұлттық мәдени бірлестігінің мүшесі:
Балаларамыз өздерінің тілін біліп, үлгілі болып өссе, бізге одан артық не керек. Оқығылары, үйренгілері келеді. Бізден сұрайды, әже сен қазақша сөйлейсің, біз неге білмейміз деп.
Балалар бастауыш сынып жасында. Әзірге қазақтың төл дыбыстарын үйреніп жатыр. Бірақ ескі әдістеме қол байлау болып тұр. Жаңа оқулықты қайдан сатып алуға болатыны белгісіз. Қаражат жағы да қолбайлау.
Мейрамгүл Айтқожинова, мұғалім:
Өзім істеп алдым, 1989 жылғы, Оралбаеваның авторлығымен шыққан. Қазіргі қазақ тілі кітаптарымен ұқсаспайды. Осымен үйретем.
Түмен облысында 20 мыңнан астам қазақ тұрады. Осыған дейін облыс орталығында тіл үйрету сыныбы болған. Бұдан былай өңірдің басқа аудандарында да қазақ сыныбын ашу жоспарда бар. Тек білікті маман мен жаңа оқулықтар болса екен деп тілейді түмендік қандастар.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ