Бұл ақша бала туған немесе асырап алған, оны бір жасқа дейін баққандарға бағытталған. Міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушысы саналатын әйел адам жоғарыда айтылған себептерге байланысты уақытша табысынан айырылса, әлеуметтік жәрдемақыдан бөлек, оған аталмыш қордан да ақша төленеді. Былтыр мұндай төлемді 174 мыңнан астам әйел адам алған.
Оңғар АЛПЫСБАЙ