Брексит үш ай кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брексит үш ай кейінге шегерілді

28.10.2019

Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығу мерзімі қаңтардың 31-не дейін созылатын болды. Мұны бүгін Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск Twitter арқылы хабарлады. Оның мәлімдеуінше, осы блокқа кіретін 27 ел Лондонның «брекситті» үш айға кейінгі қалдыру туралы ұсынысын қабыл алған.

Біріккен Корольдік одақтан қазанның 31-де шығуы тиіс еді. Бұған дейін «брексит» уақыты екі рет шегерілді: наурыздың 29-да және сәуірдің 12-де. Тараптардың ажырасу мерзімінің қайта-қайта созылуына британ парламентінің одақтан шығу туралы келісім жобасын қолдамауы себепші. Өйткені, ол құжат қабылданып кетсе, Солтүстік Ирландия Еуропа Одағының кедендік кеңістігінде қалып қоюы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу