Иракта шеру кезінде 69 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта шеру кезінде 69 адам қаза тапты

28.10.2019

Иракта мыңдаған адам қатысқан демонстрациялар тәртіпсіздіктерге ұласты. Жұма-сенбі күндері полицейлер шерушілерге оқ атып, 69 адам мерт болды. 

Жергілікті жастар жұмыссыздыққа, коррупцияға, ауызсу мен электр жарығының тапшылығына қарсы акцияларға осы айдың басында да қатысты. Олар премьер-министр Әдел Әбдул Махди үкіметінің отставкаға кетуін де талап етіп жатыр. 

Манифестанттар тәртіп сақшыларымен ғана емес, қарулы топтармен де қақтығысты. Соның салдарынан Иракта қазан айында 226 адам мерт болып, жүздеген тұрғын жараланған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу