Оқиға кеше түс кезінде болды. Кезекшіліктен шыққан 31 жастағы Еркебұлан қызын театрдан алып, анасымен бірге үйіне бет алған болатын. Көпірден өтіп бара жатып, суицид жасағалы тұрған біреуді көреді. Бірден көлігін тоқтатып, кері бұрылғанда қыз тұрған жерінде жоқ екенін байқайды. Ол да жүгіріп келе жатып, киімдерін шешіп, ойланбастан суға секіреді. Күн суық әрі судың температурасы 7-8 градус болатын. Абырой болғанда, қол-аяғы құрыспай, қызды аман-есен көпірдің табанына алып шықты. Жағаға шығаруға құтқарушылар көмектесті.
Қазір 20 жастағы қыздың халі жақсы. Жыл басынан бері өңірде 130 суицид дерегі тіркелген. Солардың үшеуінде полицейлер өз өмірін қиғысы келген адамдарды құтқарып қалды.
Еркебұлан, арнайы жасақ қызметкері:
Қыз судың бетінде қалқып тұрды. Шашынан ұстадым да, бетон құйылған жер бар көпірдің астында, соған сүйреп әкелдім. 1 литрдей су шықты ішінен, тұншығып жатыр екен.
Ардақ Мұратқызы