Б. Сағынтаев азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша Т.Сүлейменовтің есебін тыңдады

09.01.2017

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады.

Онда ведомствоаралық жұмыс тобының күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралары, сондай-ақ өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды және монополияға қарсы заңдылықтың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Б. Сағынтаев азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша Т.Сүлейменовтің есебін тыңдады

Хабарламаларға жазылу