Талдықорғанда профессор Жұмахан Балапановтың ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда профессор Жұмахан Балапановтың ескерткіші ашылды

28.10.2019

Талдықорған қаласында қоғам қайраткері, соғыс ардагері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Балапановтың ескерткіші ашылды. 

Жұмахан Балапанов - соғыс жылдарынан кейін елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып, Жетісу өңірінің өркендеуіне күш жігерін аямаған дарынды тұлға. Өзі туып өскен айдынды Алакөл ауданына қант қызылшасын өсіру тиімді екенін дәлелдеп, өзге өңірлердің ауыл шаруашылығы картасын сызған ғалым ретінде тарихта қалды. Профессордың еңбектері қазіргі буын ғалымдардың ізденістеріне рухани азық. 

Болат Сейірбаев, Алакөл ауданының құрметті азаматы:

140 ғылыми жұмыстың ішінде Қазақстанның әр түпкірінде қандай затпен айналысу керек. Егінмен бе, қызылшамен бе? Малмен бе, қоймен бе? Мысалы, Семей өңіріне қой пайдалы. Бордақылау. Соның қанша пайда әкелетіні, Жетісу өңіріне, Жамбылға, Алматы облысына қантқызылшасы өзін-өзі ақтайтындай жоба жасап берді ол кісі.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу