Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Жастар – ғылым, білім, қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті. Шараға отандық ғалымдармен қатар Австралия, Литва, Оңтүстік Корея елдеріндегі жоғары оқу орындарының ұстаздары қатысты.
Конференция мақсаты - заманауи кезеңдегі ғылым мен инновациялардың көптеген теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру. Сондай-ақ білім беру, экономика, ақпараттық технология, қоғамдық, әлеуметтік, техникалық ғылымдар дамуының өзекті сұрақтарын талқылау. Өзара тәжірбие алмасып келешекте қатысушы елдердің студенттерін алмастыра оқытып, білімдерін жетілдіру.
Римантас Желвис, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:
Қазіргі заман жастарының мүмкіндіктері зор. Күш-қуаты да тасып тұр. Әсіресе бірнеше шет тілін білетін жастардың келешегі жарқын. Себебі олар өз замандастарымен қай елге барса да тіл табысып, достасып кетеді. Бұл тәжірбие алмасуда өте керек дүние.
Қуаныш Қанатұлы