Жошы ұлысының тарихы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жошы ұлысының тарихы талқыланды

28.10.2019

Алтын Орда дәуірін зерттеу кешуілдеп жатыр. Өйткені ортағасырлық деректермен жұмыс істейтін кадр тапшы. Ал мәліметтерді әр елден тірнектеп жинау үшін қыруар қаржы қажет. Дегенмен ғалымдар қу шөппен ауыз сүртіп отырмағандарын жеткізді. Қазір қал-қадірінше Жошы ұлысы тарихының мәселелері көтеріліп, қолжазбалар жинақталып жатыр. Бұл туралы тарихшылар конгресінде мәлім етілді. 

Ізденіс бағыттары – Ұлы дала тарихындағы Жошы тұлғасы, Жошы ұлысы және түркілік әлем және Ұлытау тарихының өзегі аясында. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы хан есімін әлемге әйгілі етіп, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыруды тапсырған еді. Бұдан тарихшылар қолдау көріп отырғанын айтты.

Нұрлан Атығаев, ҚАЗҰАУ «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері:

Бұл бағытта татарлар өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Олар ортағасырлық деректердің бірнешеуін аударып тастады. Жақында ғана Рашид ад-диннің «Шуаб-и панджгана» еңбегін орыс тіліне аударды. Түркі халықтары ғалымдарымен бірлесе, осы жұмысты жүргізуіміз керек. Көштен қалмауымыз керек.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу