Беларусь президенті А.Лукашенконың Қазақстанға ресми сапарынан қандай қорытындылар шығарамыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь президенті А.Лукашенконың Қазақстанға ресми сапарынан қандай қорытындылар шығарамыз?

27.10.2019

Беларусь президенті А.Лукашенко Нұр-Сұлтанға ресми сапарының алдында Қазақстан мұнайын өңдеулеріне Ресей кедергі келтірмейді деп ойлайтынын айтқан: Себебі Еуразиялық экономикалық одақ жобаларын бұғаттап бастасақ Беларусь, Қазақстан секілді елдер «бақытын басқа жақтан іздей бастайды», -деген.

Кішкене шегініс. Беларусь республикасы Ресей Федерациясынан мұнай бойынша да тәуелді. Олар мұнайды Ресейден кеден салықтарынсыз алып келді – Кеден одағындамыз деп. Сөйтіп өздерінде өңдеп, пайда тапты. Ресей сол пайдадан үлес алғысы келді. Бірақ Беларусь бейнелеп айтқанда, «қазан қақпағын ашпай қойды». Мұнан соң Ресей өз ішінде пайдалы қазбалар өндіруге салық енгізді. Мұнан соң әрине, мұнайы қымбаттап кетті.

Былай қарасаңыз, кеден салығы жоқ, бірақ бұрынғыдан қымбат. Беларусь та қарап отырмайды ғой – балама жолдары іздей бастады. Мысалы, Қазақстан мұнайын неге өңдемеске?.. Бірақ мұндай вариант Беларусьқа мұнай беріп келген елдің қытығына тиеді.

Сонымен Қ.Тоқаев әуежайға өзі барып күтіп алған А.Лукашенконың ресми сапарынан қандай қорытындылар шығарамыз? Бірден айтайық – Қазақстан мұнайын тасу түпкілікті шешілген жоқ. Ол Ресейсіз шешілмейді.

Альбина ӘШІМ 


Хабарламаларға жазылу