Лондонда Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

25.10.2019

Лондонда Қазақстан мен Британия үкіметаралық комиссиясының VI отырысы өтті. Онда бес жұмыс тобының отырыстары ұйымдастырылып «Астана» халықаралық қаржы орталығында корпоративтік басқаруды дамыту, Қазақстанның азаматтық авиация саласын реттеудің жаңа моделін құру, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту сияқты өзекті мәселелер талқыланды. 

Елді мекендерде суды тиімді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту назардан тыс қалған жоқ. Жиын соңында хаттамаға қол қойылып, тараптар барлық салада стратегиялық серіктестікті жалғастыратындарын мәлімдеді. 

Сондай-ақ кездесу барысында екіжақты құжаттарға қол қойылды. Соның бірі Astra Mining британиялық компаниясы мен «Қазгеология» АҚ Қазақстанда үш кен орнын барлау туралы келісімді бекітті.

Хабарламаларға жазылу