Ақмола облысында заңсыз ағаш кескендер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында заңсыз ағаш кескендер ұсталды

25.10.2019

Ақмола облысында 100-ден астам қарағайды отап тастаған. «Браконьер» жедел алдын алу шарасы аясында Бұланды ауданында ағаштарды рұқсатсыз кескен 27 жасар азамат ұсталды. Ал Сандықтау ауданының тұрғынына Маралды орман шаруашылығы аумағында 45 ағашты заңсыз кесті деген айып тағылуда. Екі дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 340-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Гүлнәр Пинчик, Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы кезінде табиғатты қорғау заңын бұзу бойынша 136 дерек анықталды. Аң аулау бойынша - 80, балық аулау бойынша 22 жайт белгілі болды. Қаруды сақтау мен қолдануға қатысты 26 хаттама толтырылып, 4 аңшылыққа арналған қару тәркіленді. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу