Азаматтық авиацияны дамыту мәселелері жөнінде баспасөз мәслихаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық авиацияны дамыту мәселелері жөнінде баспасөз мәслихаты өтті

24.10.2019

Қазақстандағы азаматтық авиацияның қауіпсіздік деңгейі 74 пайызға жетті. Халықаралық ICAO ұйымы осындай баға берген. Енді осы көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу межесі тұр. Әлемдегі үздік нәтижеге жету үшін қауіпсіздікті арттырудың британиялық үлгісі қолданылмақ. Осы мақсатта арнайы Азаматтық авиациялық әкімшілік құрылды және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының үздік менеджерлері жұмысқа шақырылды. 

Бүгін шетелдік мамандар баспасөз мәслихатын өткізіп, отандық авиацияны одан әрі дамытудың басым бағыттарымен бөлісті. Мәселен, бас директор Питер Гриффитс бірінші кезекте ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне мән береміз деп отыр.

Питер Гриффитс, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:

Қазақстанда азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне аса мән беріп отыр. Әрине, бұл тұрғыда бұған дейін қыруар шаруа атқарылған. Осыдан 10 жыл бұрынғы көрсеткіштермен, қазіргі нәтиженің айырмашылығы жер мен көктей. ICAO мұның барлығын жоғары бағалап отыр. Ал, біздің міндетіміз - халықаралық ұйымның ең жоғары талаптарына жеткізу.

Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу