Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді.
Бүгін сағат 09:17-де Нұр-Сұлтан қаласы «101» пультіне Б.Момышұлы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабар түсті. 09:21-де алғашқы өрт сөндірушілер жеткен кезде автобустың қозғалтқышы мен артқы бөлігі жанып жатқан. Салонда жолаушылар болмаған. Өрт 09:31-де сөндірілді. Оны сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен 2 техника тартылды.
inform.kz