Францияда фермерлер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда фермерлер шеруге шықты

23.10.2019

Францияда ауыл шаруашылығы саласындағы саясатқа көңілі толмаған мыңға жуық шаруа Еуропарламент алдында шерулетті. Олар тракторлармен жолдарды бөгеп, ыдыс-аяқтарды сылдырлатып, биліктің назарын аудартуға тырысты. 

Фермерлер Еуроодақпен жасалған сауда келісімі нәтижесінде сырттан әкелінетін тауардың көптігіне наразы. Сонымен қатар, пестицидтерді шектеу туралы заңды негізсіз деп санайды. Бұған қоса, шаруалар өздерін «қоршаған ортаны ластап жатыр» деп айыптаған климат жанашыралырына да ренжулі. Ауыл шаруашылық мамандары «мұндай саяси қысым арта берсе, бәсекелестік жойылып, бонкротқа ұшыраймыз» деп алаңдайды. Осындай наразылық акциялары елдің бірнеше қаласы мен көршілес Германияда да өтті. Шаруалар билік тиімді шешім қабылдамайынша, шерулетуден тайынбайтынын білдіріп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу