Президент «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы Б.Ізмұхамбетовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы Б.Ізмұхамбетовты қабылдады

22.10.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады. Мемлекет басшысы Бақтықожа Ізмұхамедовке «ардагерлер туралы» заңды тиянақты дайындауды, жолдауда айтылған мәселелерге ардагерлер белсенді араласып, қолға алынған реформаларды халыққа жан-жақты насихаттауды тапсырды. Өз кезегінде Бақтықожа Ізмұхамедов қоғамдық бірлестіктің жұмысы туралы, атап айтқанда, «Дәнекер» жобасы бойынша жасалған шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ кездесу барысында «Ардагерлер ұйымы» мен кәсіподақтар федерациясының бірлескен жобалары жайында айтылып, жеңістің 75 жылдық мерекесіне әзірлік барысы баяндалды.

Саламат ОМАШ 


Хабарламаларға жазылу