Шығыс Қазақстан облысында ауа райы бұзылып, жолда қалған 100-ге жуық адамға көмек көрсетілді. Таулы аймақтарда қар жауып, облысаралық жолдарда көктайғақ пайда болды.
Әсіресе, Өскемен-Алтай, Өскемен-Риддер және Өскемен-Самар бағытында көп көлік сапарларын жалғастыра алмай, жолда тұрып қалған. Тіпті жолаушылары бар бір автобус сырғып барып, жол жиегіне әрең тоқтаған. Синоптиктердің болжауынша, қазір жауын-шашын басылғанымен аяз әлі де жалғасады. Тіпті кейбір аймақтарда сынап бағаны түнде -17 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Сондықтан полиция қызметкерлері тұрғындарға алыс сапарға шығарда сақтық шараларын күшейтуге кеңес беруде.
Әбдірашид Абдрахманұлы, облыс тұрғыны:
Кешеден бері қар жауып жатыр. Жолда абай болыңыздар!
Дастан Тоқтыбаев, №30 жолды пайдалану учаскесінің директоры:
Біздің КамАЗ-дар тайғаққа қарсы құм сеуіп, 20-30 үлкен автокөліктерді шығарып алдық, 50 шақты жеңіл көлікті шығарып алдық жолдан.
Берік Көшербай