Соңғы 5 жылда көлік инфрақұрылымына 5,8 трлн теңге инвестиция тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 5 жылда көлік инфрақұрылымына 5,8 трлн теңге инвестиция тартылды

22.10.2019
Соңғы 5 жылда көлік инфрақұрылымына 5,8 трлн теңге инвестиция тартылды

Соңғы 5 жылда көлік инфрақұрылымына 5,8 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

«Соңғы 5 жылда көлік инфрақұрылымының дамуына 5 триллион 800 миллиард теңгедей инвестиция тартылды. Оның 44 пайызы немесе 2 триллион 540 миллиард теңге мемлекеттік қаражат болса, қалған 56 проценті немесе 3 триллион 274 миллиард теңге мемлекет-жекеменшік әріптестігін (МЖӘ) қоса алғандағы жеке сектор үлесіне тиесілі. Көлік салалары бойынша инвестицияның басым бөлігі автомобиль жолдары және теміржол жобаларына тиесілі – сәйкесінше, 37 пайыз және 40 пайыз», - деді министр.

inform.kz 


Хабарламаларға жазылу