Латын қарпіндегі жаңа әліпбиді жетілдірген жөн. Мемлекет басшысы осыған орай Мәдениет және спорт министріне тиісті тапсырма берді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі өзінің парақшасында жариялады. Жазбада: «Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар»,- делінген. Сондықтан Президент ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын жеткізді.
Альбина ӘШІМ