Қарағандыда «Музей түні» шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Музей түні» шарасы өтті

21.10.2019

Қарағандылықтар өткен ғасырдың 40-шы жылдары Францияда жасалған граммофонның дауысын есту мүмкіндігіне ие болды. Оны қала тұрғыны мұражайға тапсырған. 

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Музей түні» шарасына жиналған жұрт осындай ерекше жәдігерлерді тамашалады. Халықаралық мұражайлар күні қарсаңында жылына бір мәрте ғана ұйымдастырылатын бұл шараны мекеме қызметкерлері мерекені күтпей өткізіп, жұртшылықты қуантты. Сондай-ақ, қолөнершілердің шеберлік сабақтарына да жиналғандар аса қызығушылықпен қатысты. Бұған қоса ойындар өткізіліп, белсенділік танытқандарға сыйлықтар берілді. 

Жалпы, мұражайда әр дәуірге қатысты жәдігерлер өте көп. Оларды көпшілікке насихаттау, тарихты таныту мақсатында осындай ерекше шаралардың ықпалы зор.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу