Стратегиялық бағдарламалар ойдағыдай деңгейде жүзеге аспай отырғандығының себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стратегиялық бағдарламалар ойдағыдай деңгейде жүзеге аспай отырғандығының себебі неде?

20.10.2019

«Соңғы бірнеше айда «Nur Otan» фракциясының мүшелері бірде-бір резонанстық іс бойынша өз ұстанымдарын білдірмеді... Және де сіздерді бетке ұстар, жақсы нысандарға ғана апарады. Көптеген сапарлар тек танысу мақсатта жасалады. Құдды сіздер Қазақстанды, өңірлерді білмейтіндей». Тұңғыш президент, «Nur Оtаn» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет, «Nur Оtаn» партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшелерін жинап, кеңес өткізген, сондағы сөзінен. Н.Назарбаев сонымен қатар былай деді: Стратегиялық бағдарламалар ойдағыдай деңгейде жүзеге аспай отыр. Олардың орындалуын тиісті бақылау жоқ. Кейбір тармақтар мүлдем орындалмайды... Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі «Nur Оtаn» партиясымен және оның фракциямен бірлесіп, аталған бағдарламалардың орындалуы туралы тыңдау ұйымдастыруы керек. 2025 жылға дейін аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламаларын жасау қажет.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу