Қазақстанда алғаш рет ерлерге күрделі операция жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда алғаш рет ерлерге күрделі операция жасалды

18.10.2019

Қазақстанда алғаш рет «Уролфит» операциясы жасалды. Оны жаңадан ашылған ерлер денсаулығы орталығында АҚШ-тан келген профессор Дэвид Самади және қазақстанның жетекші урологтары өткізді. Операция сәтті өткен.

Орталықтың ашылу салтанатына Дэвид Самади Нью-Иорктен арнайы келді. Қазақстандық дәрігерлерге білгенін айтып, тәжірибесімен де бөлісіп жүр. Америкалық дәрігердің мұндай операция жасап жүргеніне бірнеше жыл болған.

Дэвид Самади, кеңесші /АҚШ/:

Алғашқы мәселе, келушілерді урологиялық жағынан ғана емес, толық тексеру керек. Ағзада белгілі бір ауру анықталса, ем қолдану бірнеше есе жеңілдейді.

Алғашқы жасалған операция Дэвидтің жетекшілігімен өтті. Дегенмен қазақстандық урологтар жасалған монипуляцияның аса қиын емес екендігін және еш қиындықсыз өздері жасай бере алатындарын айтты.

Павел Шолох, Ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі:

Бұл әдіс техникалық жағынан күрделі емес. Әсіресе бұрын эндоурологиямен айналысқандар үшін.

Ерлер денсаулығы орталығында «бір терезе қағидасы» жүзеге асырылған. Келген адам әр дәрігердің есігін бір қағып, уақытын жоғалтпайды деп отыр мамандар.

Тимур Мұратов, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасы директорының бірінші орынбасары:

Біздің больницамызда бұған қажетті барлық диагностикалық апараттар, жаңағы, КТ, МРТ, радио тексеру мүмкіндігі бар. Оған қоса, осында адам ағзасына қажетті диагноз қою үшін барлық мамандар бар.

«Қазақстанда ер адамдар дәрігердің көмегіне аса көп жүгінбейді. Бұл өздері үшін қауіпті. Сондықтан тұрақты түрде тексеруден өту мәдениетін қалыптастыру керекпіз»,- дейді дәрігерлер

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу