Еуропалық Одақ лидерлері Батыс Балқан елдерін осы интеграциялық блокқа қосу туралы келісімге келе алмады. Бұл мәселе Бельгия астанасы Брюссельде өтіп жатқан саммитте талқыланды.
Солтүстік Македония, Албания, Босния, Косово, Черногория және Сербия Еуропа Одағына мүше болудан үмітті. Аймақ елдерінің біразы бұл шешімге қолдау көрсеткен. Алайда Франция президенті Эммануэль Макрон қарсы. Оның айтуынша, аталған мемлекеттерде көші-қон, жемқорлық және қылмыспен күрес мәселелері реттелмеген. Дегенмен Албания одаққа мүшеліктің барлық шарттарына сай келетінін алға тартып отыр.
Ұзаққа созылған талқылаулардан кейін, Еуропалық одақ Солтүстік Македония мен Албанияға үміткерлер мәртебесін беріп, олардан тиісті реформаларды жүргізуді талап етті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ