Ақтөбелік мұнайшылардың талабы орындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік мұнайшылардың талабы орындалды

18.10.2019

Мұнайшылар талабы орындалды. Ақтөбедегі «Восток-Нефть» компаниясының басшылығы жұмысшылар жалақысының 50 пайызға дейін көтерілгенін хабарлады.

Бұған дейін қытайлық компанияда еңбек ететін жүздеген қызметкер мекеме кеңсесінің алдына жиналып, басшылыққа талаптарын жеткізген болатын. Олар ауыр жұмыс істеп, аз жалақы алатындарын, сондай-ақ, соңғы айда ондаған жұмысшыға жарты айлық ақшасы ғана беріліп, үйлеріне жіберілгеніне наразылылық білдірді. Нәтижесінде екі жақ мәмілеге келді. Қыркүйекте жалақы 20 пайызға өссе, осы айда тағы 30 пайыз қосылды. Ең жоғарғы жалақы ауыр жұмыс істейтіндерге төленеді.

Дархан Ермағамбетов, облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

Бірнеше кездесу өтті. Қытайдан компанияның құрылтайшылары келді. Олармен ұзақ әрі күрделі келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде үшінші-сегізінші категориялы жұмысшылардың айлығы 30 пайызға дейін өсті. Ал, басқаларына сәл төмендеу. Яғни, қызметкерлердің табысы жұмыс жүктемесіне қарай есептеледі.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу