Елордада отбасы құндылығы дәріптелген жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада отбасы құндылығы дәріптелген жиын өтті

18.10.2019

Суицид, шаңырақтың шайқалуы, отбасындағы зорлық-зомбылық. Қоғамның осындай өзекті әлеуметтік мәселелері бүгін Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Даналық» отбасылық құндылықтарды дамыту институының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен коуч-сессияда кеңінен талқыланды.

Институттың көздегені де - осы. Яғни, отбасылық қиындықтарға тап болып, күрмеуі қиын мәселенің шешімін таппай, өмірден түңіліп жүрген жандарға қол ұшын беру, демеу болу. Ерлі-зайыпты Әбілдиндер негізін қалаған орталықта 30-дан астам мықты психолог және әртүрлі саланың білікі мамандары жұмыс істейді. Еріктілер де жетерлік. «Отбасы институтын дамыту: қоғам, бизнес, мемлекет» тақырыбында өткен бүгінгі жиында институтты дамытудың стратегиялық жолдары қарастырылды. Ал қараша айында орталықтың ресми тұсауы кесілмек.   

Дулат Әбілдин, «Danalyq» отбасылық құндылықтарды дамыту институтының негізін қалаушы:

Үлкен өзгерістерге дайын болу. Бізді өзіміздің дәстүрімізді жоғалтпау, ата-бабаларымыз сақтап келе жатқан құндылықтарымзды ұмытпау, оны әрі қарай жандандыру біздің мақсатымыз. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ




Хабарламаларға жазылу