Алматы облысының жергілікті билігі тағы бір сервистік әкімдікпен толықты. Жаңа форматтағы мемлекеттік қызмет көрсету алаңы Көксу ауданында ашылды. Жетісу адалдық алаңы жобасы аясында бұл жерде мемлекеттік қызметтің 50-ге жуық түрі көрсетіледі. Мамандар халықты жеке-жеке емес, ашық алаңда қабылдап бір мезетте бірнеше бөлім жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеп, сыбайлас жемқорлықтан мүлдем арылып тұрғындардың сенімінен шығуға мүмкіндік береді. Жалпы Алматы облысында «open space» яғни ашық алаң форматында бес аудандық әкімдік жұмыс істей бастады. Алдағы уақытта облыс орталығы Талдықорған қаласының әкімдігі де осындай әдіске көшеді деп жоспарланған.
Серікбай Нұрғисаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы:
Тоғыз айдың көрсеткіші бойынша халықтан сұраныс жасаған кезде және өзіміздің мониторинг бойынша әр келген 100 адамның жергілікті басқару биліктері, акиматтардың қызмет көрсетуінің сексен екісі қанағаттанарлық деп өзін көрсетіп отыр.